Президентке бетперде тақпағаны үшін айыппұл салынды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Бразилия президенті Жаир Болсонаруға қоғамдық іс-шарада бетпердесіз жүргені үшін және санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Сенбі күні Болсонару өзінің сан мындаған жақтастастары қатысқан мотошеруге қатысты, деп хабарлайды ЭК Euronews ақпаратына сүйеніп.

Консерватор президенттің жақтастары мотошлем кисе де, кейін бетпердесіз жүрді. Сондай-ақ, ол коронавирусқа қарсы екпе алғандардың оны тақпауы керектігін айтты. Алайда бұл тұжырыммен денсаулықтау сақтау мамандары бірауыздан келіспейді.

Сөйтіп, Сан-Паулу үкіметінің баспасөз қызметі қоғамдық ортада бетперде тақпағаны үшін президентке 110 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров