СҚО
СҚО-да бес күн бұрын жоғалған қыздың денесі Есіл өзенінен табылды


Бейнеден кадр
Қыздың денесін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл өзенінен тапты, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми instagram парақшасы мәлімдеді.
Құтқарушылардың айтуынша, бүгін таңертең сағат 07: 35-те 2012 жылы туған қыздың денесін табылды. Қыздың сүйегін Есіл ауданы Покровка ауылынан 7 шақырым жердегі Есіл өзенінен тапқан. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. ТЖМ мәліметінше, ол 8 маусымда суға батып кеткен.
Бірнеше күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысында 8 жасар қыз жоғалып кеткенін естеріңізге сала кетейік. Оның киім-кешегі өзеннің жағасынан табылды. Сол күні бірге ойнаған қыздың немере ағасы оны шомылып жүргенде өзеннің ағысы алып кеткенін хабарлаған болатын.
Бөлісу