Футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Экспресс К

facebook.com / zhenis1980

Талдықорғанда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ЭК.

Белгілі журналист Бейсен Құранбек қазақ телевизиясының дамуына үлес қосқан тұлға. Ол жүргізген "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламалары халықтың ыстық ықыласына бөленгенді. Отандық телевизия саласының хас шебері Бейсен Құранбек өткен жылы 49 жасында дүние салған болатын.

Республикалық турнирге бұл жолы 8 команда қатысты. Жарыстың жартылай финалына Алматы, Шымкент, Тараз және Қызылорда командалары шықты. Нәтижесінде бірінші орынды "Алматы" яғни алматылық журналистердің құрама командасы иеленсе, Жамбылдық журналистер екінші, Шымкенттік әріптестеріміз үшінші орынды жеңіп алды.

facebook.com / zhenis1980facebook.com / zhenis1980
facebook.com / zhenis1980

"Бұл жарыста жеңілгендер жоқ. Біз осы арқылы әріптесіміздің рухына тағзым еттік" — деді марқұмның әріптесі, досы, "Жетісу" телеарнасы директорының орынбасары Досан Қызайбекұлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров