Нидерланды-Украйна 3:2

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter / UEFAcom

Кәрі құрлықтағы екі айтулы команданың ойыны толассыз шабуылдармен басталғанымен бірінші тайм ешқандай есеп ашылмады. Мұнда украйналық Александр Зубковтың жарақат алып қалып, орнын Марлоспен ауыстыруымен ғана есте қалды десе болар.

Кездесудің екінші жартысында Нидерландия құрамасының шабуылшысы, Хорхинье Вийнальдаум 52-минутта есеп ашты. Бірінші голдан есін жинап үлгере алмай жатқан украйндықтардың қақпасына алты минуттан соң екінші гол кірді. Бұл голды Вотер Вегорст соқты. Есеп 2:0

Қатар соғылған екі голдан соң тез жинақталып, шабуылымен қорғанысты күшейткен украйна құрамасы есеп басын теңестірді. Ярмоленконың 75-минутта салған голы есепті 2:1-ге жеткізсе. Артынша, Яремчук есепті 79-минутта теңестірді.

twitter / UEFAcomtwitter / UEFAcom
twitter / UEFAcom

Осыдан кейіін екі құрамада қорғанысты күшейте отырып бір-біріне тоқтаусыз шабуылдар жасаумен болды.

Тек, ойынның 85-ші минутында Дензель Дампфриздің соққан голы матчтың нүктесін қойды.

Еске сала кетсек, бүгін турнирде үш кездесу өтеді, оның екеуі Е тобында: Испания — Швеция және Польша — Словакия, біреуі D төрттігіндегі — Чехия — Шотландия арасында болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров