COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 402239 ЖАЗЫЛҒАНДАР 377642 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4171

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 967 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 58 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 10 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 402 мың 239 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 215,

Алматы қаласында — 96,

Шымкент қаласында — 42,

Ақмола облысында — 43,

Ақтөбе облысында — 12,

Алматы облысында — 29,

Атырау облысында — 43,

Шығыс Қазақстан облысында — 72,

Жамбыл облысында — 22,

Батыс Қазақстан облысында — 51,

Қарағанды облысында — 165,

Қостанай облысында — 33,

Қызылорда облысында — 25,

Маңғыстау облысында — 34,

Павлодар облысында — 50,

Солтүстік Қазақстан облысында — 13,

Түркістан облысында — 22.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 377 мың 642 адам емделді, оның ішінде 811 — і соңғы тәулікте.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен (КВИ+) расталған коронавирустық инфекциядан 4 мың 171 адам қайтыс болды, оның ішінде 11 — і соңғы тәулікте.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 11 жағдайы анықталды, сегіз адам қайтыс болды. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 70 жағдайы және одан төрт өлім тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 56 мың 213 жағдайы тіркелген, 3 мың 415 адам қайтыс болған.

14 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 21 мың 537 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 20 мың 426 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 111 — теріс (КВИ-), стационарларда 7 мың 75 пациент, амбулаториялық емдеуде — 14 мың 462 адам.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен-ауыр халде 512 пациент, аса ауыр халде — 113, ӨЖЖ аппаратында — 70 пациент бар", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров