Нұр-Сұлтан

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтеді

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

21-маусым күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ақпарат бүгін Parlam.kz сайтында жарияланды.

Бірлескен отырысқа шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын,

деп жазылған Өкім мәтінінде.

Қос палата депуттаттарының отырысында нақты қандай мәселелер қаралатыны жайлы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, Қазақстан парламенті екі палатадан — мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжілісте 107 депутат болады, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан екі адамнан кіреді. Қазақстан президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров