Эриксен есін жинап, сұхбат берді

Нұрболат АДЫРБЕК

instagram.com / chriseriksen8

Еуропа чемпионаты кезінде Финляндиямен матч кезінде есінен танып қалған, Дания ұлттық құрамасы мен миландық "Интердің" 29 жастағы жартылай қорғаушысы, Кристиан Эриксен оқиғадан соң алғаш рет шағын сұхбат берді, деп хабарлайды ЭК.

"Рақмет, мен берілмеймін. Енді өзімді қазір жақсы сезінемін, бірақ маған не болғанын әлі де түсіне алар емеспін. Маған жасаған жақсылықтарыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын", -деді футболшы италиялық "La Gazzetta dello Sport" басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек 12-маусым күні EURO 2020 чемпионатында Дания мен Финляндия арасында кездесудің 43-ші минутында Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен күтпеген жерден есін жоғалтып алған болатын. Оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен есін жинай қоймады. Артынан ауруханаға жатқызылған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров