Шымкентте газ құю бекетінде өрт шықты

Экспресс К

ТЖД

Шымкентте "Жан Ойл" авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю стансасында өрт шықты – деп хабарлайды ЭК

Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шекті. Оның беті мен екі қолының білегін 1 дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанып жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, полковник Қайрат Сәрсенбаевтың айтуынша қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Ал, денесін күйік шалған азаматтың қазіргі жағдайы қалыпты. Ол ауруханада емделуден бас тартқан.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров