Түркияда Абай саябағы ашылды (видео)


instagram.com / nurlan_otepov_bilim
Түркияның Алания қаласындағы саябаққа Абайдың аты беріліп, ескерткіші қойылды.
Игі істі Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Алания муниципалитеті мен Аланиядағы Қазақстандықтар қауымдастығы қол алған деп хабарлайды ЭК "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Ескерткіш авторы Нұрлан Ахметов. Аланиядағы отандастарымыз түгел бас қосып атаулы күнді жоғары деңгейде өткізді. Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас!", "Сегіз аяқ" әндері шырқалды.


"Абай саябағын Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Аланиядан тарту етіп отырмыз. Ұлы ойшылдың есімі Ақындар аллеясында саябаққа берілуі бекер емес. Себебі, осы жерде түріктің белгілі 37 ақынның ескерткіші бой көтерген. Абай Құнанбайұлы саябағы, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы деп білемін",- деді Алания муниципалитетінің басшысы Адем Мурат Южел.
Бөлісу