Түркиялық дәрігерлер Түркістанда ақысыз операция жасап жатыр

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Түркістанға Түркиядан білікті дәрігерлер келіп, тәжіримен бөлісуде, деп хабарлайды ЭК. Сондай-ақ, облыс тұрғындарына бірнеше күрделі ақысыз операция жасады.

"Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі" жобасы аясында жүзеге асып жатқан игі іс барысында туа біткен даму ақаулары бар балаларды кезексіз тексерістен өткізді. Педиатр-дәрігерлер арнайы емдеу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, церебралды сал ауруы, дауна синдромы, аутизм, тірек-қимыл жүйесі, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарына қажетті кеңестер берді.

Жалпы 40-тан астам бала жоғары деңгейлі мамандардың қабылдауында болды. Сондай-ақ, отоларинголог-дәрігерлер құлақтың іріңді аурулары және мұрын ісіктері диагноздарымен 32 науқасқа күрделі операция жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров