Полиция қызметкері кісі өліміне себепкер болды (видео)

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматыда полицей көлік апатын жасап жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды ЭК.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңертеңгі уақытта болған. Полиция инспекторы қызметтік автокөлікпен келе жатып, күтпеген жерден бұрылған басқа машинамен соқтығыспау үшін сол маңдағы көлік жуу орнының қасындағы жолдың жиегіне шығып кетіп адам қақты. Жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан әйел адам ауыр соққыдан сол жерде тіл тартпай кетті.

Аталған дерек бойынша қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров