Спорт сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді


instagram.com / berikuali
Елордадағы "Жекпе-жек" сарайы енді тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың есімімен аталады, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы даңқты спортшының ұлы Елдос Үшкемпіров өзінің Faceebook парақшасында сүйінші сұрап жазды.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұр-сұлтан қаласындағы "Жекпе-жек" сарайы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы болып өзгертілді"-деп жазды ол өз жазбасында. Сондай-ақ автор, жақында Тараз қаласындағы


"Тараз-Арена" спорт кешеніне де әкесінің есімі берілгендігін айтып өтті.
Ал, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Елордадағы "Жекпе-жек" сарайы Жақсылық Үшкемпіровтің атына берілгендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасы екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен 1980-жылғы Мәскеу олимпиадасында алтыннан алқа таққан даңқты балуан. Ол, өткен жылы тамыз айында 69 жасында өмірден озған болатын.