Тас жолда көлік өртеніп кетті (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Ақтау-Шетпе тас жолында ГАЗель көлігі жанып кетті. Оқиға сенбі күні болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көліктің күл талқаны шыққанын көруге болады, деп хабарлайды ЭК.

Облыстық ТЖМ баспаөз қызметінің айтуынша зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Желі қолданушылары "Көліктер күндіз-түні фарларын жағып жүреді. Өртке бірден-бір себеп — сол. Соңғы кезде машина көп өртенетін болды", "Қазіргі машиналардың тоқтары жұқа, сапасыз", "Көлікке қондырған газға салғырт қараса, осындай жағдай болады" деп пікір білдіріп жатыр.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

Ал оқиғаны көзбен көргендер қатты жарылыстан тіпті жер қозғалғандығын айтады. Айта кету керек, Маңғыстау облысында соңғы 5 айда 38 көлік өртке оранған.

Бейнеден кадрБейнеден кадр
Бейнеден кадр

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров