Оқушылардың жазғы демалыс мерзімі қысқартылады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алдағы 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақыттары қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР БҒМ министрлігі ашық құқықтық нормативтер порталында 2021-2022 оқу жылындағы мектеп оқушыларының каникулының шарттары көрсетілген бұйрық жобасында көрсетілген. Жаңа оқу жылы әдеттегідей 1- қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптар үшін — 33 апта, ал 2-11 (12)- сыныптарға — 34 оқу аптасы енгізілді.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) — сыныптарда:

Күзгі демалыс — 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында),

Қысқы демалыс — 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында),

Көктемгі демалыс — 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

Ал 1-сыныптар үшін қосымша каникул — 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

Дерек: Еліміз бойынша пандемияға байланысты карантиндік шектеулер енгізілгенге дейінгі оқу жылдарында мектеп оқушылары күзде 10 күнге, қыста 11 күнге, көктемде 12 күнге демалысқа шығатын. Жаңа бұйрыққа сәйкес алдағы оқу жылында демалыс бірнеше күнге қысқартылып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров