Аудан әкімі: Балықтар жылқы зәріне тұншығып өлуі мүмкін

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Өткен аптада Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы өзенде балықтар жаппай қырылған болатын.

Қызылқоға ауданындағы "Ноғайты" өзеніндегі балықтардың қырылу себебін анықтау үшін Атырау облысынан арнайы комиссия барып, сараптама жасаған. Ауданы әкімінің айтуынша, балықтар жылқы зәрінен тұншығып өлуі мүмкін, деп жазады ЭК

"Дер кезінде арнайы комиссия құрылды. Біздің ойымызша, суда жүрген жылқылардың зәрінің әсерінен балықтар тұншығуы мүмкін. Сондай-ақ бұл өзенде жергілікті шаруалар қойларын тоғытады. Өлген балықтар мен судың сынамасы облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды",- деді аудан басшысы.

Аудан әкімінің бұл сөзі жергілікті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, тіпті "балықтар суға тұншығып қалған болар" деген әзіл пікірлерге ұласып кетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров