Жүріп келе жатқан көлікте тәртіп бұзғандар жазаланды (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Атырау облысында көше ортасында жүріп келе жатқан көлікте шоу жасағандар жазаланды, деп хабарлайды ЭК.

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында әлдекімдер әскерден келген достарын бірнеше көлікпен күтіп алған. Жас жігіттер мерекеге сән беру үшін, жүріп келе жатқан көліктің терезесіне отырып, туды желбіреткен. Олардың бұл ісі полицияның бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Жылыой аудандық полиция басқармасы көше шоумендерін анықтап, екі жолаушыны жол жүру қағидаларында жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау баптары бойынша айыпты деп, әкімшілік хаттамалар толтырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров