Жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберді

Экспресс К

ТЖД

Ақмола облысында бақшасындағы жерге таласқан әйел көршісінің қысқы мал азығына даярлаған 10 тонна шөбін өрттеп жіберді, деп хабарлайды ЭК.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көршілер жер үшін дауласып қалған. Бұған біріншісінің шөбін жинағанда екіншісінің аумағына еніп кетуі себеп болыпты. Осыған ызаланған екіншісі масаң күйде көршісінің жинап қойған шөбіне өрт қойған. Соның салдарынан 10 тонна мал азығының күлге айналды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров