Елімізде 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда бақылаусыз тасталған қоқыстар мен полигондардың нормаларға сәйкес болмауынан 125 млн тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

"Бүгінде елімізде 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған. ТҚҚ қайта өңдеу үлесі 2019 жылғы 15% , 2020 жылы 18,3% дейін ұлғайды. Қайта өңдеу үлесінің төмен болуымен қатар, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі және апат жағдайындағы үйінділер мәселесі де бар ", — деді Мырзағалиев дүйсенбіде өткен халық алдындағы есептік кездесуінде.

Министр өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту үшін тұрғындармен және экология саласындағы белсенділермен бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Айтуынша, экологиялық проблемаларды талқылау негізінде газдандыру, қоғамдық көлікті газ отынына көшіру және қалаларды көгалдандыру бойынша 17 жол картасы бекітілген.

"Жол картасын іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу жұмыс деңгейін 18% -ден 30% — ға дейін арттырады, 24 жаңа қоқыс полигонын салуға, бұрыннан ластанған жерлерді қалпына келтіруге және 12 кәріз тазарту кешенін қайта жаңартуға мүмкіндік береді", -деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров