Жануарлар

Сарыағаштың көшелерінде маймыл қыдырып жүр...

Экспресс К

Pixabay

Бүгін әлеуметтік желіде Сарыағаш қаласының көшелерінде емін-еркін жүрген маймылдың видеосы тарады, деп хабарлайды ЭК.

Маймылдың тұрғындардың ауласына кіріп, қоршауының үстінде жүрген сәті бейнеге түсіп қалған. Ал кейіннен жол бойындағы жарық бағанасына шығып кеткен маймылды жергілікті тұрғындар әбігерге түсіп жүріп жерге түсіріп алады.

Әзіргі бұл жайт турасында ресми мәліметті ешбір мекеме берген жоқ. Дегенмен, көпшілік маймылдың иесі Сарыағаш тұрғыны деп топшылайды. Тіпті желіде көше кезіп жүрген маймылдың иесіне қайтарылғандығы туралы да айтылып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров