100 млн теңге тұратын үйді алаяқтар сатып жіберген

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шымкент тұрғыны 100 миллион теңге тұратын үйінен айырылды, деп хабарлайды ЭК.

Ірі көлемде несие шығарып беремін деген алаяқ жәбірленушінің үйін үшінші тұлғаға сатып жіберген. Сондай-ақ, уәде етілген несиені де алып бермеген.

Бұл туралы 10 маусымда Әл Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров