Арал теңізінің орнына 1 млн гектар сексеуіл отырғызылады

Экспресс К

Pxhere

2030 жылға қарай Арал теңізінің құрғаған тұзды түбіне 1 млн гектардан астам сексеуіл егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ЭК.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халықпен есептік кездесуінде Арал теңізінің Қазақстандағы құрғаған аумағына сексеуіл отырғызу жөніндегі арнайы бағдарлама дайындалып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуілді отырғызу жөніндегі кешенді бағдарлама әзірлеп жатырмыз. 2021-2030 жылдары 1,1 млн га алқапқа сексеуіл отырғызу міндетін алға қоямыз. Бұл өңірдің экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, — деді министр.

Мырзағалиевтің айтуынша, 1990 жылдан бастап бүгінге күнге дейін Арал теңізінің еліміздегі 195 мың гектардан астам аумағына сексеуіл отырғызылған.

Сексеуiл — құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын, жапырақсыз, қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк.Қуатты тамыр жүйесінің арқасында құмды топырақты желден қорғайды. Жел эрозиясының алдын алады. Бұл шөлдің табиғи экожүйесін сақтауға мүмкіндік береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров