Халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

"Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.

"7 маусымнан бастап өтізіліп жатқан "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық және ТМД елдерінің 3 азаматы бар. Көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, "Мигрант" операциясы барысында көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 518 сот шешімі шықты. Олар ел аумағынан шығарылды", — деді ведомство өкілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров