ДСМ үздік донорларға төсбелгі табыстады


© ЭК
Бүгін трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған донорларға құрмет көрсетілді, -деп хабарлайды ЭК.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай төсбелгі 40-тан астам рет қан тапсырған адамдарға беріледі. Марапатқа ұсынылған әрбір донор естелік сыйлықтар алды.


Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде қан тапсыру акциялары өтті. Мәселен, Ақтөбеде "Мен донормын!" акциясы ұйымдастырылып, 50 адам қан тапсырды. Облыстық Қызыл ай қоғамы тұрақты қан донорларын марапаттады. Облыстық қан орталығында 1000-ға жуық донор тіркелген. Қазіргі күні орталықта 1500 доза плазма және 200 доза қанның қызыл түйіршігі сақтаулы тұр. Жыл сайын 9 мыңға жуық адам қан тапсырады. Оның ішінде бір адам төрт рет келіп қан береді.


Жалпы Қазақстанда 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде үш және одан да көп рет қан өткізеді. Біздің елімізде азаматтар 18-ге толғаннан бастап донор бола алады.
Биыл Дүниежүзілік қан доноры күнінің ұраны — "Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла" екенін айта кету керек. Бұл бүкіл әлемдегі адамдардың үнемі қан тапсыруға деген құлшынысын күшейтеді.

