ШҚО

Адасып келген аюды дауыс ұлғайтқыштың көмегімен қуған

Экспресс К

© Лариса ПРОКОПЬЕВА

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су электр станциясы маңындағы шағын қалашық тұрғындарын адасқан аю әбігерге салды, деп хабарлайды ЭК.

Адасып келген аю қоршауларды бұзып, екі қойды өлтірген.

© Лариса ПРОКОПЬЕВА© Лариса ПРОКОПЬЕВА
© Лариса ПРОКОПЬЕВА

Тұрғындар жабайы аңды қаладан алып кету жөнінде шағым жазғанымен, жергілікті билік біразға дейін жолын таппады. Себебі, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау инспекциясы аюды аулау мерзімі өтіп кеткендіктен, оны атуға рұқсат жоқ екенін айтқан.

© Лариса ПРОКОПЬЕВА© Лариса ПРОКОПЬЕВА
© Лариса ПРОКОПЬЕВА

Сондықтан жергілікті билік тек дауыс ұлғайтқыштар арқылы жабайы аңды үркітіп, қаладан шығарып жіберу туралы шешімге келді. Сол кезде халық көп шоғырланатын аймақтар да патрульді полиция қызметі күшейтілген режимге көшті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров