Гиннестің рекордтар кітабына енген отбасының қожайыны қайтыс болды


twitter / firstpost
Әлемдегі ең үлкен отбасының 76 жастағы отағасы қайтыс болды, - деп хабарлайды ЭК.
Оның 39 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар. Зиона Чана — әлемдегі ең үлкен отбасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Үндістанның Мизорам штатында тұратын Чана қант диабеті мен гипертониядан зардап шеккен. Оның отбасы мүшелерін көру үшін Үндістанның солтүстік-шығысындағы ауылға туристер көптеп баратын болған. Оның жеке меншігінде төрт қабатты үйі бар. Онда 100 жатын бөлме және 17 жуынатын бөлме бар екен.