«Берекелі бастама – Городская инициатива» жобасы басталды

Экспресс К

Рудный тұрғындары «Берекелі бастама – Городская инициатива» жобасы аясында қалалық инфрақұрылымға өз ұсыныстарын енгізе алады.

Бүгінен бастап Қостанай облысы Рудный қаласында "Берекелі бастама — Городская инициатива" жобасы басталды. ERG компаниясы мен облыс әкімдігі арасында жыл сайын өзара Меморандум жасап, қаржыландырылатын жобаларды тұрғындар өздері ұсынады және таңдай алады, деп хабарлайды ЭК

Бастама қоғамдық инфрақұрылым нысандарын қалай құру және дамыту туралы шешім қабылдауда бірлесіп жұмыс істеу үшін тиімді болып отыр. Мұнда тұрғындар, әкімдік және ERG құрамындағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ-ы бірігеді.

Қалада қандай инфрақұрылым қажеттігін тұрғындардың анықтауға мүмкіндігі бар. Олар өздерінің ойларын ұсынып, нысандардың сыртқы сипаты мен басқа да құрылымын жобалайды. Одан кейін ең жақсы шешімдерге дауыс беріледі. Жеңімпаз жобаларды Eurasian Resources Group (ERG) қаржыландырады және әкімдік 2022 жылы жүзеге асырады. Ол үшін Қостанай облысының әкімдігі мен ERG жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сай бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінбек.

Бұл жоба жаңа нысандардың құрылуына ғана емес, инфрақұрылымды өзгертуге де сеп болады. Бірлесіп атқаратын іс болашаққа деген сенімді нығайтып, тұрғындарды және бизнес пен әкімдікті ортақ іске жұмылдырады.

Бұл механизм "ERG қаласы" корпоративті жобасы аясында 2019 жылы пилоттық режимде қолға алынды. Былтырдан бастап "Берекелі бастама — Городская инициатива" Ақтөбе облысының Хромтау қаласында белсенді түрде енгізіле бастады. Сондай-ақ, биыл Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындары инфрақұрылымды жақсартуға қатысты өз идеяларын ұсынды.

Рудныйдағы жобаны үйлестірумен Жобалық орталық айналысады. Құрамына депутаттар, азаматтар, қоғамдық ұйым жетекшілері, ERG мен Рудный қаласы әкімдігінің өкілдері кіретін Сараптамалық кеңесі байқауға ұсынылған жобаларды таңдайды.

Азаматтар ұсынған бастамалар мен жобаларға дауыс беру туралы ақпарат http://budget-uchastiya.kz/ порталында жүзеге жариялады.

Қосымша ақпарат алу үшін, Рудный қаласы әкімдігінің бірінші қабатындағы "Рудный көмек алаңы" кеңсесінде жобалық орталығының маманына баруға болады.

Консультация бойынша телефондар:

+7 771-0584865

+7 700-1584865

+7 700-1584864

berekeli.bastama.rud@gmail.com

Анықтама үшін:

"Берекелі бастама — Городская инициатива" (қатысу бюджеті) — азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы. Бұл тәжірибе алғаш рет Бразилияда, Порту-Алегри қаласында 1989 жылы пайда болды. Содан бері бүкіл әлемде қатысу бюджетінің 1,5 мыңнан астам жобасы жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасында қатысу бюджеті 2019 жылдан бастап Алматыда және Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданында жүзеге асырылып келеді.

Жобаның серіктесі — Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров