Ресейде жанар-жағар май станциясында жойқын жарылыс болды


Бейнеден кадр
Новосібірде жанар-жағар май құю станциясы алдымен өртеніп, сосын жарылған, деп хабарлайды ЭК.
Соның салдарынан алты адам түрлі деңгейде күйік алды. Олардың екеуі — өрт сөндірушілер.
Қызыл жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір оқиға орнында төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр. Бұл жерден оларға төнетін қауіп сейілген жоқ.