Туристік операторларды мемлекет қолдайды

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Туристік операторлар 1000 турист тартатын болса, 15 миллион теңге субсидия беріледі.

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды ЭК.

Қазіргі таңда еліміздегі туроператорлар сыртқы туризмге жұмыс істеуге ғана ынталы. Өйткені одан түсетін табыс көп. Енді мемлекет туроператорлардың сырттан турист тартуына жағдай жасамақшы. Бұдан былай әрбір шетелдік турист үшін операторларға 15 мың теңге субсидия беріледі. Сырттан келген турист ел аумағында ең кемінде 5 күн демалуы керек. Нәтижесінде туроператорлар екі жақтан да пайда табады.

"Мәселен, туроператорлар 1000 шетелдікті елге әкелсе, мемлекеттен 15 млн. теңге субсидия алады, — деді комитет төрағасы Дастан Рыспеков.

Мемлекет берген қаражатты туроператорлар халықаралық көрмелер ұйымдастыруға жұмсайды. Сол арқылы шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, отандық туризмнің дамуына үлес қосады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров