Өтірік жұлдыздар өшіріледі

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Енді қонақ үйлердің өтірік жұлдыздары өшіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Kazakh Tourism» басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК.

"Туристік қызметтік заңнамада қабылданған өзгерістер туралы" тақырыпта өткен баспасөз конференциясында еліміздегі кейбір қонақ үйлердің қызметтік сапасы сын көтермейтіні айтылды. Оларды дұрыс жіктеу жүйелері бүгінгі талаптарғаа сай келмейді. Сондықтан бұл жұмыстарды жаңаша реттеу керек. Кейбір қонақ үй иелері жұлдыздар санын өз беттерінше көбейтіп алған.

"Мәселен, интернеттегі жарнамада 4 жұлдызды қонақ үй деп хабарланса, ондағы көрініс шын мәнінде басқаша болып шығады. 4 жұлдыз емес, 2 жұлдыздық деңгейге де сәйкес келмейді. Бұл туристердің ықыласын төмендетеді. Сондықтан біз Қытай, Испания және Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жүйені халықаралық стандартқа сай жаңғыртуды қолға алдық. — деді "Kazakh Tourism" басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

Енді қонақ үйлердің төбесіндегі жұлдыздар қалай жарқыраса, іші де солай жарқырайтын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров