Тозығы жеткен 32 үй жөнделеді

Кәмшат ҚОПАЕВА

© ЭК

Ақтөбедегі "Тұрғындар қалашығы" ауданындағы ескі үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Қазхром" ТҰК 540 миллион теңге бөлді, -деп хабарлайды ЭК.

Кеңес дәуірінде салынған үйлердің әбден тозығы жеткен. Тұрғындар әкімдікке жиі шағымданатын. Түйткілді мәселені шешу үшін облыстық әкімдік пен "Қазхром" ТҰК меморандумға қол қойған болатын. Аталған компания осы мақсатқа 540 миллион теңге бөліп отыр. Жоба бойынша Есет батыр, Қаратаев, Махамбетов көшелері және Жеңіс даңғылындағы жалпы саны 32 үй жаңарады. Үйлердің қасбеттері боялып, шатыры ауыстырылмақ. Қазірдің өзінде 20 үй жөндеуден өткен. Барлық жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталмақ. Сондай-ақ аталған үйлердің маңына балаларға арналған ойын алаңдары салынады.

© ЭК© ЭК
© ЭК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров