Ақтөбеде көші-қон заңын бұзған Өзбекстан азаматы ұсталды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Өзбекстан азаматы өз жерлестерінің Қазақстанға заңсыз өтуіне көмектескен, -деп хабарлайды ЭК.
Көші-қон полициясының қызметкерлері "Мигрант" жедел-профилактикалық шарасы кезінде 30 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ол наурыз айында көші-қон заңнамасын бұзған. Жерлестерінің Қазақстан аумағына заңсыз өтіп, жұмыс жасауына көмек көрсетіп, осы істі ұйымдастырған. Ол Ақтөбе қалалық сотының шешімімен ел аумағынан шығарылды.
Жалпы аталған шараның 7 күнінде елімізде заң бұзған 619 адам анықталған. Оның 360-ы шетел азаматы. 259 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 17 шетелдік ел аумағынан шығарылған.