Картоптың бағасы түсе бастады – ҚР АШМ

Фархат ӘБІЛОВ

© ЭК

Соңғы күндері бағасы 500 теңгеге дейін шарықтап кеткен картоптың бағасы түсуі мүмкін, деп жазады ЭК.

Бүгін, 14 маусым Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда картоптың жеткілікті екендігін айтты. Министрліктің ресми мәлімдемесіне сенсек, республикада 70 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

Белгіленген тұтыну нормаларына сәйкес, елдегі картоп қоры жарты айдан астам уақытқа жетеді. Халықтың жан басына шаққанда жылына 95 кг норма болғанда, еліміздің халқы күніне 4,9 мың тонна картоп тұтынады,

дейді ҚР АШМ.

Алайда министрлік қазіргі таңда картоптың 1 келісі ел бойынша 138 бен 450 теңге аралығында сатылып жатыр дейді.

Бүгінгі таңда ең төмен баға Қостанай (138 тг/кг) және Ақтөбе облыстарында (166 тг), ал ең жоғарғысы Нұр — Сұлтан қаласында (225-450 тг), СҚО (320-340 тг), ШҚО (335 тг) және Қарағанды облысында (270-310 тг) тіркелген. Елордалық базарлар мен сауда нысандарының мониторингі бүгінгі күні картопқа деген сұраныс жоқ екенін көрсетті. Сонымен қатар, тауарлардың жеткілікті болуына байланысты баға төмендеп келеді,- дейді министрліктің баспасөз-қызметі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоптың құны 48,6%-ға өскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров