Ақмола облысы
Автобус апатқа ұшырап, жеті жолаушы зардап шекті (видео)


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Ақмола облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ақсу-Бестөбе-Изобильное" тасжолының 37-шақырымында жолаушылар автобусымен "Ауди" көлігі соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының 7-еуі түрлі дене жарақатын алды. Олар, бірден ауруханаға жеткізілді. Оқиға себептерін тексеру кезінде, "Ауди" көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткені белгілі болды.
Қазіргі таңда ЖКО-ға байланысты кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін іс сотқа жіберілген.
Бөлісу