Ескі шіркеуден көшпенді қыздың суреті табылды

Болат МӘЖИТ

Facebook / Anara Forrester

Англиядағы орта ғасырлық шіркеуден көшпенді қыздың суреті бейнеленген барельеф табылды. Бұл туралы қазақстандық қылқалам шебері Владимир Твердохлебовтың қызы Анара Форрестер өзінің faceebok парақшасында жариялады, деп хабарлайды ЭК.

Анара бұл көрініске Англияға саяхаттап жүрген кезінде тап болады.

Facebook / Anara ForresterFacebook / Anara Forrester
Facebook / Anara Forrester

Аталған шіркеу Ладлоу деп аталатын тарихи қалашықта орналасқан. Көшпенді қыздың суреті шіркеу ішіндегі ағаш орындықтың арт жағында бедерленген. Бұл орындыққа тек ақсүйектер, құрметті азаматтар, гильдия көпестері, шіркеуге және қаланың қазынасына үлес қосқан тұлғалар ғана отырған екен.

"Қазақтар бұл жерде қайдан жүр деп таңғалдым. Өйткені сурет қазақтың қызына қатты ұқсайды. "Кельты" — ирландиялықтарда осындай тағам түрі бар. Қазақтың "келді" деген сөзінің мағынасы сияқты. Әрине, мен тарихшы емеспін. Бірақ бұл біздің апамыз екеніне жүз пайыз сенімдімін"- дейді суретшінің қызы жазбасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров