Алматы

Акушер жүкті әйелді көшеде босандырды (видео)

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыда аяғы ауыр келіншекті толғақ қысып, перзентханаға жетіп үлгермеді. Ол сөйтіп көшеде босанды, деп хабарлайды ЭК.

Ең қызығы, сол маңнан қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы өтіп бара жатқан. Жүкті әйелдің қиналғанын көзі шалған дәрігер дереу оған көмек қолын созады. Көшеде жолықса да маманның аты — маман ғой. Сөйтіп кішкентай нәресте аман-есен дүниеге келеді. Ұлды болған келіншектің туыстары бұл оқиғаға әрі таңғалды, әрі қуанды. Олар ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жаудырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров