Шарынды шарлау қауіпті (видео)

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қауіпті аймақтарда туризмді дамыту дұрыс емес. Экология министрі мұндай жобаларды тоқтатуы керек. Осылай деп журналист, қоғам белсендісі Вадим Борейко Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке сауал жолдады, деп хабарлайды ЭК Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Алматы облысындағы Шарын шатқалын шарлау өте қауіпті екенін айтады. Сондықтан ол жерде экотуризмді дамытуды доғаруды ұсынады. Журналист оның себебіне тоқталды. 22 мамырда Шарынды дамыту жобасы қоғам талқысына салынған. Алайда, бір аптадан кейін Шарын шатқалында қайғылы жағдай болды. Сел жүріп, екі адамның өмірін жалмады. Одан кейін 12 маусымда осы аумақта апат тағы қайталанды. Сәтін салғанда адам шығыны болған жоқ.

"Шарында тағы сел жүрді. Бірақ экотуризмді дамыту арналған жоба сол күйінде, оған ешқандай түзету енгізілген жоқ. Шарын бүгінде адам өміріне қауіп төндіретін аумаққа айналды" деп министрге хат жолдаған Борейко жобаны біржолата жауып тастауды талап етті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров