Атырауда африкалық бойжеткенді тонап кетті

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

Атырауда Сьерра-Леоне елінен келген 19-жастағы бойжеткеннің жалдамалы пәтерінен 3100 АҚШ долларын ұрлап кеткен, деп жазады ЭК.

Африкалық бойжеткен Атырауға жұмыс бабымен келген. Ол пәтерінде болмаған кезде, ұры үйге кіріп, қыздың сөмкесі мен ішіндегі 3100 АҚШ долларын қолды қылған. Кейін сөмкесінің жоқ екендігін байқаған қыз Атырау қалалық Полиция Басқармасына шағымданады.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188 (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр",- деді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Атырауда жыл басынан бері 78 пәтер ұрлығы тіркелгенін, айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров