Алғаш рет 0:0 есебі тіркелді


© Getty Images
Испания Швецияны Еуро-2020 топтық раундының 1-турындығы матчта жеңе алмады, деп хабарлайды ЭК
Севильядағы "Олимпико де Севилья" стадионында кездескен Испания-Швеция ұлттық құрамалары ойынды 0:0 есебімен аяқтады. Бірақ екі команда да шиеленісті ойын өткізді.
Испания ұлттық құрамасы матч бойы жалпы ойын басымдығына ие болды. Матч динамикасының статистикасына үңілсек, допқа иелік ету көрсеткіші — 85:15, соққылар бойынша — 17:4, бұрыштамалар саны — 6:1.


twitter / UEFA
Бірақ, екі мықтының мызғымас қорғаныстары бір-бірінің қақпасына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Мұндай нәтиже чемпионат басталғалы алғашқы рет тіркеліп отыр.
Бұл осы чемпионаттағы, Е тобының бірінші кездесуі болғанын естеріңізге саламыз.