Батыр қызы сен халқымның!

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Бүгін екінші дүниежүзілік соғыстың хас батыры Әлия Молдағұлованың туған күні, деп хабарлайды ЭК.

Ол — "арым — жанымның садағасы" деп өскен алаштың аруы.

19 жылдық қысқа ғұмыры аңыз бен өнегеге толы.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір) Ақтөбе облысының Қобда ауданы, Бұлақ ауылында туған. 9 жасында жетімдіктің тақсіретін тартты.

Оның өміржолы қазақтың басына төнген зұлмат жылдармен байланысты. Әкесі Нұрмұхаммед байдың баласы болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшырап, анасы Маржан екі баласымен картоптың келдегін теріп күн көреді. Сондай күздің қара суығында келдек теріп жүрген Маржан, бау бақша күзетшісінің атқан оғынан қайтыс болады. Анасының қорықшының қолынан қаза болғаны кейінгі жылдары ғана айтылды. Әлияның шын есімі Ілия. Анасы "Ақмоншағым" деп еркелеткен. Естеліктерде Әлияның бала кезінде суда жақсы жүзгені, тіпті ер балаларды басып озатыны айтылады.

Анасы көз жұмған соң Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы Әубәкір алып кетеді. Кейіннен нағашы ағасы отбасымен бірге Мәскеуге, содан Ленинградқа барады. 14 жасынан бастап балалар үйінде тәрбиеленеді. Мәскеу түбіндегі мергендерді даярлайтын мектепті тамамдайды. Өз өтінішімен майданға сұранып, мерген атанады. Қанды қырғынның қақ ортасында жүреді. Ол 54-ші арнайы атқыштар бригадасында неміс фашистеріне қарсы шайқасады. Снайпер мылтығымен 90-ға жуық жауды жер жастандырады.

Әлия Молдағұлова ескерткіші Нұр-Сұлтан қаласындаӘлия Молдағұлова ескерткіші Нұр-Сұлтан қаласында
Әлия Молдағұлова ескерткіші Нұр-Сұлтан қаласында

1944 жылы 4 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Әлия Молдағұловаға Кеңестер Одағының Батыры атағы беріледі. Қазақтың қайсар қызы сол жылдың 14-ші қаңтарында Псков облысының Новосокольники ауданында ерлікпен қаза табады. Әлия Молдағұлованың сүйегі Монакова селосындағы бауырластар зиратында жатыр. Батыр қыздың есімі мәңгілік ел есінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров