Нанды таптап, атын шығармақ болған


Бейнеден кадр
Tik Tok үшін ас атасы – нанды қорлап, аяғымен таптаған видео жұрттың жағасын ұстатты. Әумесер жігіттің қылығы желі қолданушыларын ызаландырды, деп хабарлайды ЭК.
Көргенсіздің бейнежазбасы Instagram желісіндегі "Qazaqstanda" парақшасында жарияланған.
Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын... Кешегі атамыз осы нанға зар болып, аштан қырылды емес пе? Алла кешірсін,
Өз атын шығару үшін арсыз әрекетке барған жігітті енді нан ұрып жүрмесе болғаны. Бұл видеоның қай елде түсірілгені әзірге белгісіз.