Жоғалған балаларды сарбаздар тапты

Болат МӘЖИТ

ПД баспасөз қызметі

Атырауда жоғалып кеткен төрт бала дін аман. Оларды Ұлттық ұланның сарбаздары іздеп тапты, деп хабарлайды ЭК.

13 маусымда сағат түнгі 22.30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына ата-аналар қоңырау шалып, ойнап жүрген балаларының әлі үйге оралмағанын айтады. Бұл туралы Ұлттық гвардияның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамы жедел іздестіру шараларына кіріседі. Нәтижесінде Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған балаларды "Жеңіс" саябағынан табады. Ойынның қызығына кіріп, үйінен алыстап кеткен балаларды ата-анасына аман-есен табыстайды.

Қырағылық танытқан сарбаздар — Назар Ізбасов, Азамат Исмаилов және Бекболат Бейсенбаевқа алғыс жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров