Роналду кока-коланың орнына суды таңдады

Болат МӘЖИТ

instagram.com / cristiano

Еуропа – 2020 чемпионаты кезінде танымал футболшы Криштиану Роналду кока-коланың орнына суды таңдады, деп хабарлайды ЭК.

Португалия мен туриндік "Ювентус" командаларының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан Еуропа чемпионатынының баспасөз конференциясында қызықты эпизод көрсетті.

Ол алдымен өз орнына жайғасып, содан соң үстелдің үстінде тұрған кока-коланы кейін қарай ысырып тастап, қолына су құйылған бөтелкені ұстады. Оны камера алдында жоғары қарата көтеріп, мен су ғана ішемін деген ишара жасады. Бұл видео желіде қызу талқыға түсті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров