COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 402996 ЖАЗЫЛҒАНДАР 378707 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4180

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 757 жағдайы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 967 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 11 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 402 мың 996 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 181,

Алматы қаласында — 65,

Шымкент қаласында — 4,

Ақмола облысында — 36,

Ақтөбе облысында — 6,

Алматы облысында — 30,

Атырау облысында — 27,

Шығыс Қазақстан облысында — 67,

Жамбыл облысында — 22,

Батыс Қазақстан облысында — 33,

Қарағанды облысында — 161,

Қостанай облысында — 33,

Қызылорда облысында — 15,

Маңғыстау облысында — 7,

Павлодар облысында — 47,

Солтүстік Қазақстан облысында — 5,

Түркістан облысында — 18.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, республикада пандемия басталғаннан бері коронавирустық инфекциядан 378 мың 707 адам емделді, оның ішінде 1065 — і соңғы тәулікте.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен (КВИ+) расталған коронавирустық инфекциядан 4 мың 180 адам қайтыс болды, оның ішінде 9 — ы соңғы тәулікте.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың үш жағдайы анықталды, бір адам қайтыс болды. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 11 жағдайы және одан сегіз өлім тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 56 мың 216 жағдайы тіркелген, одан 3 мың 416 адам қайтыс болған.

15 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 21 мың 204 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 20 мың 109 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 95 — теріс (КВИ-), стационарларда 6 мың 665 пациент, амбулаториялық емдеуде — 14 мың 549.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 458 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 110, ӨЖЖ аппаратында — 69", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров