Елордада короновирус жұқтырғандар көбейе береді - Цой


©️ЭК/Нуржан БАЙМУЛДИН
Нұр-Сұлтан - Қазақстандағы қызыл аймақтақалған жалғыз қала. Мұнда короновирус жұқтырғандар соңғы аптада 7 пайызға артқан, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта. Тек Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта қалып тұр. Бұған қоса, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артып, 1 365-те 1461 жағдайға дейін жетті. Ал қалған өңірлер "жасыл" және "сары" аймақта жатыр",- деді Цой.
Оның айтуынша, республикада бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 16% -ға азайды. Жұқпалы аурулар төсек-орындарының жүктемесі 15 маусымда 23 пайызға, ал жансақтау төсек-орындарының саны 21 пайызға қысқарған.
"Денсаулық сақтау басқармаларына облыста медициналық көмекті ұйымдастырудағы анықталған кемшіліктерді ескере отырып ұсыныстар берілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде жұқпалы және қарқынды терапия төсектерін орналастыруда оң динамика байқалады" — деді министр.