Көшеде жүрген маймылдың иесі табылды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Тропикалық жануардың жеке басын анықтайтын құжаты да бар болып шықты.

Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде маймылдың емін-еркін қыдырып жүргендігін ЭК тілшілері кеше хабарлаған болатын.

Полицейлер бейнежазбадағы адамның тиісті құжаттарын тексеріп, маймылдың иесі екенін анықтады. Ол маймылды көшеге алып шыққан, алайда абайсызда тордан шығарып алыпты. Содан кейін ойнақтап кеткен жануар электр бағанасына шығып алған, оны жерге түсіру үшін пневматикалық қарумен бірнеше рет аспанға оқ атып, ұстап алған. Қазіргі таңда маймылдың иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров