Цой вакцинаны ең аз алып жатқан облысты атады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Облыстардан 1-компонентпен вакцинациялаумен қамтудағы ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында 13,2 %, Қостанай облысында 19,5%, 2-компонентпен ең төменгі қамту тағы да Маңғыстау облысында 7,3%-ды құрайды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Сондықтан облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алуы керек. Одан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет,

деді министр.

Оның айтуынша, екпе пункттерінде вакцинаның жеткізілікті дозасы бар. 1-компоненттің шамамен 1,2 млн, 2-компнентінің 914 мың дозасы тұр.

"Елімізде шамамен 4 млн вакцина дозасы қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 547 363 адам екпе алды. Бұл екпе алуға жататын халықтың 25,7 пайызын құрайды. Ал екінші компонент 1 435 334 адамға салынды", — деді Алексей Цой.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров