Вакцинадан бас тартсаң, ұялы байланысың бұғатталады

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Пәкістанда коронавирус инфекциясына қарсы екпеден бас тартқан тұрғындардың ұялы байланысы бұғатталатын болды, деп хабарлайды ЭК.

ZeeNews сайтының жазуынша, ел провинцияларының билігі жақында осындай шешім шығарған.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек департаментінің баспасөз хатшысы Пенджаб Хаммад Раза вакцина салдыру шарасы алдымен ұсыныс ретінде айтылғанын жеткізді. Алайда індетке қарсы екпені алушылар тым аз. Әсіресе провинцияда тұратындар арасында жоқ десе де болады. Сол себепті билік осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров