Асқар Мамин министр мен әкімдерге жаңа тапсырма берді

Экспресс К

primeminister.kz

«Қызыл» аймақта тек Елорда, 3 өңір «сарыда», қалғаны «жасыл» аймақта.

Сейсенбідегі кезекті Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ЭК.

"Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі — 0,9 процент. Ауруханалар мен жансақтау бөлімдерінде науқастар қатары азайып жатыр. "Қызыл" аймақта елорда ғана қалды. Жалпы 13 өңір, яғни басым бөлігі "жасыл" аймақта, 3 өңір "сары" аймақта". Бүгінгі күні 2,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,4 миллионнан астам адам екінші компонентін алды",- деді Асқар Мамин.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне санитариялық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуы мен вакцинацияға ерекше назар аударуды нықтап тапсырды.

"Мониторингтік топтар жұмысын жандандырсын. Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан, қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте вакцина салу ауқымын барынша қамтуды ұлғайту",- деді Үкімет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров