Көршісінің телефонын ұрлап несие рәсімдеп жіберген

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданының тұрғыны көршісінің ұялы байланыс телефонын ұрлап, оған тұрмыстық тауарлар алуға несие рәсімдеп жіберген деп, хабарлайды ЭК.

Жергілікті полиция қызметіне жүгінген келіншек асүйден қалта телефонының ұрланғандығы туралы арыз берген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көрші келіншек қолға түсті. Сөйтсе көршісі ұля байланыс телефонындағы банктердің мобильдік қосымшасы арқылы 300 мың теңгеге несиеге тауар алып үлгеріпті.

Бұл дереке қатысты қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліпжатыр. Ал, біреудің мүлкіне қол сұққан әйел уақытша үйқамаққа алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров