Елімізде пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан 2,5 млн көлік бар

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазақстанда 2,5 миллион көліктің пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазір автокөлік атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып отыр.

"Оның бір себебі — автокөліктердің тозуы. Тіркелген 3,9 млн автомобильдің ішінде пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан 2,5 млн көлік бар. Яғни 64% құрайды. Өткен жылдың соңында "Техникалық реттеу туралы" заң қабылданып, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын К4 және К5 экологиялық сыныптарына сәйкестігіне бақылау күшейтілді", — дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, осыған байланысты Сауда және интеграция министрлігі жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын бақылауды жүзеге асыруы қажет.

"Бұдан басқа, техникалық байқау станциялары мен автокөлік иелерінің жауапкершілігін күшейту өте маңызды. Өз кезегінде әкімдіктер автопарктерді жаңарту жұмыстарын жалғастыруы керек. Сондай-ақ, көліктің ауаны ластау мәселесін шешу үшін электр қозғалтқышы бар көліктерді пайдалануды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін биыл маусым айында утилизациялық алымға "нөлдік" ставканы енгіздік", — деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров